jitsu gif

Алматы облысындағы қалалардың бірінің шекарасы кеңейтілуі мүмкін

Есік қаласы
Есік қаласы. Видеодан кадр: instagram.com/akimat_esik

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының шекарасының ауданы өзгеруі мүмкін. "Ашық НҚА" порталында бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің шешімінде:

"Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 2529,64 гектарға өзгертіліп, Есік қаласының жаңа шекарасының жаңа көлемі 4228,54 гектар болып өзгерту туралы сұрақ Алматы облысының әкімдігі мен Алматы облыстық мәслихатында қаралады.

Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің қаулысы мен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қадағалайды", - делінген.

Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Еске салсақ, бұған дейін Қонаев, Іле және Талғар аудандарының бір бөлігі еліміздегі жаңа қаланың құрамына кіруі мүмкін екенін жазған едік.

"Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы" нормативтік құқықтық актінің жобасы 9 шілдеде жарияланған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.