Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

3,5 млрд теңгеге бағаланған: Мұхамедиұлымен байланысты тағы үш объект мемлекетке қайтарылмақ

Жарияланған күні:

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: primeminister.kz

Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласында тексеру жүргізді. Бұл туралы қадағалаушы органға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүлікті сату заңға қайшы келетіні анықталған, сондықтан прокурорлар 4,8 млрд теңгеден астам сомаға мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қоюларға бастамашылық жасаған.

Олардың біреуін сот қанағаттандырған.

"Мәселен, 2019 жылы бұрынғы мәдениет министрі Мұхамедиұлымен үлестес жеке компанияның пайдасына 332 млн теңгеге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі сатылған.

Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 млн теңгеге бағаланды. Бұл ретте, мүліктік кешеннің нақты нарықтық құны 1,213 млрд теңге болған, сомадағы айырмашылық кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің төмендеуінен көрінді", - делінген прокуратура хабарламасында.

Алматы қаласы прокуратурасының талап қоюы бойынша сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды.

"Сонымен қатар Астана мен Алматыда прокурорлардың талап қоюлары бойынша бұрынғы мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 млрд теңгеден астам сомаға тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүріп жатыр", - дейді Бас прокуратура өкілдері.

Қадағалаушы органның мәліметінше, тексеру шеңберінде Ұлытау облысының прокуратурасы Қарағанды мемлекеттік мүлік департаменті басшыларының бірін сотқа берген.

Ол мемлекетке 184 млн теңгеге залал келтіруге әкеп соққан мемлекеттік меншік объектісін иеліктен шығару кезінде немқұрайлылық танытқан деп айыпталуда.

Тексеру қорытындысы бойынша Бас прокуратураның ұсынуы бойынша жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар үшін мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 35 лауазымды адамы, оның ішінде өңірлік департаменттердің бірінші басшылары жазаланған.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі

2022 жылдың мамырында Антикор қызметкерлері Астанадағы Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізе бастағаны туралы ақпарат пайда болды. Мұражай басшылығы "Алтын адамның шеруі әлем мұражайлары бойынша шеруі" көрмесі кезінде 146 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.

2022 жылдың мамыр айының соңында ол ұсталып, екі айға қамауға алынды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы мен тағы бірнеше адамға қатысты сот 2023 жылдың сәуірінде Астанада басталған.

Айыптаушы тарап Мұхамедиұлы бір топ адаммен бірге Үндістанда "Алтын адам" көрмесін өткізуге жалған 350 млн теңге жұмсаған деген күдікке ілінгенін, көрме өткізілмегенін мәлімдеді.

Прокурорлар Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін оның адвокаты сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Кейін Мұхамедиұлының тағы бір соты Астанада өтетіні белгілі болды. Ал кейінгі сот отырыстарының бірінде рейдерлік жасады деп айыпталған Ұлттық музейдің экс-директоры судьяны Гераклға теңеді.

29 ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157441-muhamediulynan-3-5-mlrd-tenggeden-astam-somaga-bagalangan-tagy-ush-obekt-memleket-menshigine-qaitarylmaq/