Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басып кетпеңіздерші, өтінемін": Астана саябағында көзге түскен жабайы атжалман желі қолданушыларын сүйсінтті

Жарияланған күні:

Аламан
Астанадағы саябақта көзге түскен аламан. Видеодан кадр: t.me/astanovka98

Әлеуметтік желіде астаналық қыз түсірген видео пайда болды. Онда ол елордадағы саябақтардың бірінде ерекше атжалман көргенін айтқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аижалманның видеосы Telegram-дағы Astanovka98 арнасында жарияланды. Бейнежазбадан шөп арасында тұрған ерекше түстегі ірі кеміргішті байқауға болады.

"Мына бір сүйкімді атжалманды Астанадан кезіктіріпті. Қыз бала оны Президент саябағынан тауып алған екен", - делінген жазбада.

Қолданушылар жануардың түріне сүйсініп пікірлер жазған.

"Қандай сүйкімді", "Өте ерекше көрінеді. Түсі де қандай әдемі".

Тәжірибелі комментаторлар жануар туралы мәліметтер айтты: "Біздің саябақтарымызда кәдімгі атжалмандар (Cricetus cricetus) тірлішік етеді. Бұл кеміргіш Еуропа мен Азияда мекендейді, далы жерлерде және орман шеттерінде жиі кездеседі. Атжалмандар түнде сыртқа шығып, қысқа азық жинайды", 'Жабайы аижалмандар өте агрессивті".

"Hamster Kombat амбассадоры", "Тек басып кетпеңіздерші, өтінемін", - деп әзілдеген қазақстандықтар да болды. "Мен ботаникалық бақта қоян көрдім", "Ал мен кірпі көрдім" деп елордалықтар өзге де жануарларды кезіктіргенін айтқан.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Петропавлда су тасқынынан құтқарылған атжалманның әсерлі видеосы тараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162508-astanalyq-turgyn-saiabaqta-zhabaiy-alamandy-keziktirgen-video/