Зектілері

Тауар қаптамасында қандай ақпарат болуға тиіс: "МОТҚҚҚ" ҚБ кеңес берді

Жарияланған күні:

Ветчина мен ірімшік сэндвичі
Көрнекі фото: pixabay.com

Дүкен сөресінен өнімді таңдағанда көбінесе таныс брендтерге, қолжетімді бағаға және дәміне баса назар аударамыз да, оның қауіпсіздігі жайында ойлай бермейміз. Көп адамдар "ең бастысы – өнімнің дәмі" деп ойлайды, ал қаптамадағы ақпарат, мысалы, таңбалама одан кейінгі орынға қалады. "Мен өнімді оқымаймын, оны жеймін!" – сатып алушылардың пайымы осыны аңғартады. Бірақ, дұрыс таңбалама сіздің қауіпсіздігіңіздің негізгі элементі екенін және үкімет пен адам құқықтарын қорғау ұйымдары сіздің құқықтарыңыз үшін қалай күресетінін қарастырып көрейік.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Жаңа жылда Қазақстанда әлеуметтік төлемдер қанша пайыз көтеріледі

"Таңбалама – жай ғана мәтін емес! Бұл өндіруші мен сатып алушы арасындағы сенім тілі", – дегенді қайталап айтудан жалықпайды Жанна Биятан, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ("МОТҚҚҚ" ҚБ) сарапшысы, – Ол өнімнің қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік сынақтарынан өткеніне кепілдік береді және өнімнің ең маңызды сипаттамаларын: құрамы, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары жайынан хабар береді. Көпшілікке бұл формальдылық сияқты көрінуі мүмкін, ал қаптамада мемлекеттік тілдегі ақпарат болмаса ше? Бұл жай ғана заңбұзушылық емес, бұл денсаулыққа қауіп төндіретін залал!", - дейді ол.

Осы сөзімізді нақты мысалмен қарастырайық:

2024 жылдың маусым айында "МОТҚҚҚ" қоғамдық бірлестігінің өкілі жасырын сатып алушы әдісімен Шымкент қаласындағы дүкендердің бірінен Ресейде жасалған салмағы 1000 г "Янтарный лидер" өңделіп ысталған шұжық өнімін сатып алған. Қаптамада өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растайтын Еуразиялық сәйкестік белгісі бар.

Ынтымақтастық келісіміне сәйкес, өнім "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының зертханасына беріліп, оның қауіпсіздігі мен Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі тексерілді. 2024 жылдың 2 шілдесіндегі № 1/723 зерттеу хаттамасына сәйкес, қаптамада өнім туралы қазақ тілінде таңбалама болмаған. Бұл жай ғана формальды сәйкессіздік емес – бұл өнімге қатысты толық ақпарат ала алмаған тұтынушылардың құқығы мәселесі.

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген деп есептеледі.

Тұтынушылар аударманың жоқтығын көз жұма қарайтын болмашы нәрсе деп ойлауы мүмкін. Бірақ, орыс тілін білмейтіндер үшін бұл өнімге қатысты маңызды ақпаратты алуға кедергі болары сөзсіз. Мысалы, құрамы, аллергиялық компоненттері немесе сақтау шарттары туралы ақпараттар қолжетімсіз болуы мүмкін. Сайып келгенде, бұл тұтынушылардың денсаулығына тікелей әсер етеді.

Қазақстан Республикасының заңы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде қатар беруді талап етеді және бұл бекер емес. Бұл ережені бұзу сатып алушының нақты не сатып алып жатқанын түсінбейтін жағдайда қалдыратыны да рас. Егер бұл өнімнің құрамында оның денсаулығына қауіпті компоненттер болса ше?

Қазақ тіліндегі ақпараттың маңызы зор, себебі, ол әрбір қазақстандыққа, басқа тілдерді білетініне қарамастан, сатып алатын затымен танысуға мүмкіндік береді. Өнімде мұндай ақпарат болмаған жағдайда, бұл тек заңбұзушылық емес, сонымен қатар тұтынушы құқығын ескермеу болып табылады.

Тұтынушылар жиі таныс брендтер мен бұған дейін алып жүрген заттарына сенеді. Біз өнім дұрыс болып көрінсе, сол сияқты дәмі жақсы болса, онда қауіпті ештеңе жоқ деп ойлаймыз. Бірақ дұрыс таңбалама тек құрамына немесе сақтау шарттарына ғана қатысты емес. Бұл өнімнің техникалық және санитарлық нормаларға сәйкестігіне кепілдік қызметін атқарады. Өйткені, қаптамада тек өнім ғана емес, аллергендерден – зиянды заттарға дейінгі қауіп болуы мүмкін.

Ірімшік
Фото: Биятан Жанна

Контрафактілі өнімдер: кімге тиімді?

Өнімді дұрыс таңбаламамау көбінесе өнімнің жалған болуы мүмкіндігін көрсетеді. Тауарларды жаппай сатып алатын жосықсыз жеткізушілер барлық стандарттарды, соның ішінде сақтау және тасымалдау шарттарын сақтай бермейді. Олардың мақсаты – тұтынушылардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірсе де, барынша пайда табу болып табылады. Контрафактілік өнімдер көбінесе антисанитарлық түрде жеткізіледі, мұндай жағдайда денсаулыққа зор нұқсан келетіні анық.

Заңсыз жеткізушілер сапаны ысырап ету арқылы пайда көреді, ал тұтынушылар ақпараттың жетіспеушілігінен және шағым түсіру мүмкіндігінен зардап шегеді. Әдетте, мұндай өнімдер дұрыс тексерілмейді, яғни олардың құрамында денсаулыққа зиянды заттардың болатыны ғажап емес.

Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер, мысалы, "MOТҚҚҚ" қоғамдық бірлестігі мұндай өнімдердің қазақстандық дүкендердің сөрелеріне жетуіне жол бермеу үшін жұмыс істеуде. Әрбір сатып алу – тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дұрыс таңбалама өнімнің барлық қажетті тексерулерден өткенін және белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Заңды өндірушілер мен жеткізушілер үшін бұл – айыппұлдар мен тәркілеуден қорғау, ал тұтынушылар үшін – өнімнің қауіпсіздігіне деген сенімділік.

Материалды "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2166391-tauar-qaptamasynda-qandai-aqparat-boluga-tiis-motqqq-qb-kenges-berdi/