Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпсіз күнжіт майын қалай дұрыс таңдау керек: сарапшылар кеңесі

Жарияланған күні:

Күнжіт майы
Көрнекі фото: Битаян Жанна

Бүгінгі таңда тұтынушылар пайдалы майларды тұтынуға көп көңіл бөледі, солардың арасында күнжіт майы ерекше орын алады. Оны дұрыс тамақтанудың ажырамас бөлігі ететін пайдалы майлары мен антиоксиданттардың жоғары құрамы үшін бағалайды. Дегенмен, мұндай өнімдердің танымалдығына қарамастан, олардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау керектігін есте ұстаған жөн. Мұндай жағдайда тұтынушыларға "MOТҚҚҚ" ҚБ сияқты қоғамдық бірлестіктер көмекке келеді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Денсаулыққа қамқорлық: кептірілген жемістер және оларды таңдау ережелері

Алия Алибекова халық тұтынатын тауарлардан заң талаптарына сәйкессіздікті анықтау – "MOТҚҚҚ" ҚБ-нің міндеті емес екенін еске салады. Керісінше, мұндай жағдайларды анықтау – өз денсаулығы мен құқығын қорғау кезінде қалай дұрыс қадам жасау жөнінде тұтынушыларға ақпарат беруге бағытталған.

"МОТҚҚҚ" ҚБ өкілінің соңғы бастамаларының бірі – 2024 жылдың шілдесінде Астана дүкендерінің бірінен құпия сатып алу әдісімен Қытайда өндірілген, салмағы 480 г болатын "Жуй Синь" күнжіт майын сатып алу болды. Сатып алудың мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) белгіленген қауіпсіздік стандарттары мен таңбалама ережелеріне сәйкестігіне сараптама жүргізу және зерттеу нәтижелері бойынша тұтынушыларды хабардар ету.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының Астана қаласы бойынша тестілеу орталығында алдын ала қолжеткізілген ынтымақтастық келісіміне орай жүргізілген зерттеу бірқатар сәйкессіздіктерді анықтады. Атап айтқанда, өнімнің қаптамасында мемлекеттік тілдегі ақпарат, өндірілген күні мен тағамдық құндылығы көрсетілмеген; Сондай-ақ импорттаушы туралы мәліметтер мен Еуразиялық сәйкестік белгісі туралы ақпарат жоқ, бұл Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" техникалық регламентінің талаптарын бұзады. Бұл сәйкессіздіктер 2024 жылғы 3 шілдедегі № РO-24-52659-663/№ 792 зерттеу хаттамаларымен расталды.

Егер сәйкессіздіктер табылып жатса, тұтынушылар не істеуі керек?

Қандай да бір кемшіліктер анықталған жағдайда сізге көмектесетін ұсынымдар:

  • Таңбаламаны тексеріңіз. Әрқашан ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолжетімділігіне назар аударыңыз. Құрамы, жарамдылық мерзімі, тағамдық құндылығы және импорттаушы туралы барлық ақпарат анық көрсетілуі керек.
  • Сатушыға хабарласыңыз. Қаптамадан қажетті ақпаратты таппасаңыз, сатушыдан өнім туралы толық ақпарат беруін сұраңыз. Бұл сіздің Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес құқығыңыз.
  • Түбіртектер мен қаптамаларын сақтаңыз. Бұл тауарды қайтару немесе шағым түсіру кезінде маңызды. Сізде сатып алғаныңыз бен сәйкессіздіктер туралы дәлел болуы керек.
  • Тек фискалдық, кассалық немесе тауар түбіртегін ғана емес, сонымен қатар өнімнің сәйкестігі туралы сертификатты/декларацияны талап етіңіз.
Күнжіт майы
Фото: Битаян Жанна

Тұтынушылар өнімнің сәйкестік декларациясының, сондай-ақ қазақстандық тізілімнің бар-жоғын дербес қарау үшін ЕАЭО-ның берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінің ақпараттық ресурсына қол жеткізе алады.

  • Маман кеңесін пайдаланыңыз. Егер сіз өнімнің қауіпсіздігіне күмәндансаңыз, жергілікті тұтынушыларды қорғау қоғамына хабарласыңыз, олардың тәжірибесі жеткілікті және жағдайға байланысты ұсынымдар бере алады.
  • Шағым беру. Егер сіз елеулі сәйкессіздіктерге тап болсаңыз, өнімді және кәсіпкерді одан әрі тексеру үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке немесе басқа да қадағалау органдарына шағымдануға құқығыңыз бар.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Алия Алибекова: "Сауда орнын жоспардан тыс тексеруді бастау үшін тұтынушылар аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына (СЭБО) хабарласа алады. Мұндай тексеру азаматтардың немесе ұйымдардың ресми өтініші негізінде фискалдық немесе сату түбіртегі сияқты растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда жүзеге асырылады. Толық көріністі көрсету үшін фото немесе бейнематериалдарын қосу ұсынылады. Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңында тұтынушы құқығын қорғауда "дәлел ретінде дүкенді немесе тауарды фото және бейнежазбаға түсіруге шектеу қоюға сатушының құқығы жоқ".

Тұтынушылар сатып алатын өнімінің сапасына мұқият әрі белсенді болуы керек. Өз құқығын білу – қауіпсіздікті сақтаудың кілті. Май да кез келген басқа тамақ өнімдері сияқты адам денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – тұтынушылардың құқықтарын қорғауға көмектесіп, жұртшылыққа белсенді түрде ағарту жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келе жатқан "МОТҚҚҚ" ҚБ дайындады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2166892-qauipsiz-kunzhit-maiyn-qalai-durys-tangdau-kerek-sarapshylar-kengesi/