Зектілері

Қауіпсіз күнжіт майын қалай дұрыс таңдау керек: сарапшылар кеңесі

Жарияланған күні:

Күнжіт майы
Көрнекі фото: Битаян Жанна

Бүгінгі таңда тұтынушылар пайдалы майларды тұтынуға көп көңіл бөледі, солардың арасында күнжіт майы ерекше орын алады. Оны дұрыс тамақтанудың ажырамас бөлігі ететін пайдалы майлары мен антиоксиданттардың жоғары құрамы үшін бағалайды. Дегенмен, мұндай өнімдердің танымалдығына қарамастан, олардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау керектігін есте ұстаған жөн. Мұндай жағдайда тұтынушыларға "MOТҚҚҚ" ҚБ сияқты қоғамдық бірлестіктер көмекке келеді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Жаңа жылда Қазақстанда әлеуметтік төлемдер қанша пайыз көтеріледі

Алия Алибекова халық тұтынатын тауарлардан заң талаптарына сәйкессіздікті анықтау – "MOТҚҚҚ" ҚБ-нің міндеті емес екенін еске салады. Керісінше, мұндай жағдайларды анықтау – өз денсаулығы мен құқығын қорғау кезінде қалай дұрыс қадам жасау жөнінде тұтынушыларға ақпарат беруге бағытталған.

"МОТҚҚҚ" ҚБ өкілінің соңғы бастамаларының бірі – 2024 жылдың шілдесінде Астана дүкендерінің бірінен құпия сатып алу әдісімен Қытайда өндірілген, салмағы 480 г болатын "Жуй Синь" күнжіт майын сатып алу болды. Сатып алудың мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) белгіленген қауіпсіздік стандарттары мен таңбалама ережелеріне сәйкестігіне сараптама жүргізу және зерттеу нәтижелері бойынша тұтынушыларды хабардар ету.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының Астана қаласы бойынша тестілеу орталығында алдын ала қолжеткізілген ынтымақтастық келісіміне орай жүргізілген зерттеу бірқатар сәйкессіздіктерді анықтады. Атап айтқанда, өнімнің қаптамасында мемлекеттік тілдегі ақпарат, өндірілген күні мен тағамдық құндылығы көрсетілмеген; Сондай-ақ импорттаушы туралы мәліметтер мен Еуразиялық сәйкестік белгісі туралы ақпарат жоқ, бұл Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" техникалық регламентінің талаптарын бұзады.

Егер сәйкессіздіктер табылып жатса, тұтынушылар не істеуі керек?

Қандай да бір кемшіліктер анықталған жағдайда сізге көмектесетін ұсынымдар:

  • Таңбаламаны тексеріңіз. Әрқашан ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолжетімділігіне назар аударыңыз. Құрамы, жарамдылық мерзімі, тағамдық құндылығы және импорттаушы туралы барлық ақпарат анық көрсетілуі керек.
  • Сатушыға хабарласыңыз. Қаптамадан қажетті ақпаратты таппасаңыз, сатушыдан өнім туралы толық ақпарат беруін сұраңыз. Бұл сіздің Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес құқығыңыз.
  • Түбіртектер мен қаптамаларын сақтаңыз. Бұл тауарды қайтару немесе шағым түсіру кезінде маңызды. Сізде сатып алғаныңыз бен сәйкессіздіктер туралы дәлел болуы керек.
  • Тек фискалдық, кассалық немесе тауар түбіртегін ғана емес, сонымен қатар өнімнің сәйкестігі туралы сертификатты/декларацияны талап етіңіз.
Күнжіт майы
Фото: Битаян Жанна

Тұтынушылар өнімнің сәйкестік декларациясының, сондай-ақ қазақстандық тізілімнің бар-жоғын дербес қарау үшін ЕАЭО-ның берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінің ақпараттық ресурсына қол жеткізе алады.

  • Маман кеңесін пайдаланыңыз. Егер сіз өнімнің қауіпсіздігіне күмәндансаңыз, жергілікті тұтынушыларды қорғау қоғамына хабарласыңыз, олардың тәжірибесі жеткілікті және жағдайға байланысты ұсынымдар бере алады.
  • Шағым беру. Егер сіз елеулі сәйкессіздіктерге тап болсаңыз, өнімді және кәсіпкерді одан әрі тексеру үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке немесе басқа да қадағалау органдарына шағымдануға құқығыңыз бар.

Сондай-ақ Астанадағы дүкеннен сатып алынған Иранның "Lozzano" алкогольсіз сусыны да тексерілді. Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының Астана қаласындағы филиалында жүргізілген зерттеу хаттамасында сынау кезінде өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткені, тұтынушыға арналған барлық ақпарат шет (араб) тілінде жазылғаны, ЕАК белгісінің болмағаны, өнімді пайдалану бойынша ұсыныстар мен шектеулер және өнімде ГМО көмегімен алынған компоненттердің болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат көрсетілмегені аталған.

"Lozzano" сусыны
"Lozzano" сусыны. Фото: Биятан Жанна

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Алия Алибекова:

"Сауда орнын жоспардан тыс тексеру үшін түбіртек пен фото/бейне дәлелдемелерді қоса бере отырып, СЭБ-ге хабарласуға болады. Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңы сатушылардың тауарды дәлел ретінде суретке түсіру құқығын шектеуге тыйым салады. Денсаулыққа зиян келтірген жағдайда емдеу мекемесінің анықтамасын қосыңыз".

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – тұтынушылардың құқықтарын қорғауға көмектесіп, жұртшылыққа белсенді түрде ағарту жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келе жатқан "МОТҚҚҚ" ҚБ дайындады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2166892-qauipsiz-kunzhit-maiyn-qalai-durys-tangdau-kerek-sarapshylar-kengesi/