Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте референдум өтетін күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

Жарияланған күні:

Шымкент қаласында қатынайтын автобустар
Шымкент қаласында қатынайтын автобустар. Фото: instagram.com/akimat_shymkent

6 қазанда Шымкент тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Аталған акция 2024 жылдың 6 қазанында өтетін республикалық референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осы күні қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік 80 бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қарағандыда 6 қазанда қалалық және қала маңындағы бағыттардағы автобустар тегін қатынайтынын жазған едік. Cондай-ақ референдум өтетін күні Астанада қала маңындағы және қалалық бағдарларға қатынау тегін болады.

Еске салсақ, 2 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

3 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысында АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесі бекітілді.

Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеген еді.

АЭС салу бойынша референдумға қатысты ОСК төрағасы Тоқаевқа дайындық барысын баяндаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168484-shymkentte-referendum-otetin-kuni-qogamdyq-kolikpen-zhuru-tegin-bolady/