Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы жаңа қаланың шекарасы анықталды

Жарияланған күні:

Алатау. Green district
Алатау. Green district. Эскиз: Алматы облысының әкімдігі

Aлматы облысындағы жаңа Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы облыс әкімдігі тиісті қаулы шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжаттағы мәлімет бойынша, Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысына сәйкес Алатау қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 88 000 гектар Қонаев қаласының, Іле және Талғар аудандарының кейбір жерлерін қоса отырып, белгіленген.

"Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі және Алматы облысы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.

Карта
Карта. Фото: zan.gov.kz

Картаға сәйкес, Алатау қала сына Қонаев қаласының 10 962 гектар, Іле ауданының 64 985 гектар, Талғар ауданының 12 053 гектар жері кірген.

Айта кетейік, 2024 жылғы 9 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы қаулыға қол қойды. Қаулы негізінде Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, атауы Алатау қаласы болып өзгертілді.

Еске салсақ, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы вице-министрлерінің, құрылыс және ТКШ істері комитеттері, Alatau арнайы экономикалық аймағы басшылығының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ірі инвесторлардың қатысуымен Алатау қаласын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168907-almaty-oblysyndagy-zhanga-qalanyng-shekarasy-anyqtaldy/