jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"1,5 млн теңге кетті": көлігін көк тудың түсіне боятқан Ақтау тұрғыны тегін такси қызметін көрсетіп жүр

қоғам белсендісі
Әлия Иса. Фото: жеке мұрағатынан

Маңғыстаулық Әлия Исаның Қазақстанның көк туы бейнеленген автокөлігі тұрғындардың назарын ерекше аударып жүр. Патриоттық автокөліктің жүргізушісі көлігін безендіруге 1,5 млн теңгеге жуық қаражат жұмсағанын айтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

35 жастағы ақтаулық белсенді Маңғыстау тұрғындарына өзінің көлігі арқылы танылған. Осыдан үш жыл бұрын өзінің жеке автокөлігін көгілдір түске боятып, үстіне тудың эмблемасын салдырған. Бұл ісі арқылы ол жерлестерінің ерекше ықыласына бөленген, көшеде тоқтап мақтауларын айтып кететіндер көп дейді ол.

"Бұл ісімді жүзеге асырмас бұрын өзіме: "Неге тәуелсіздігіміздің нышанына айналған бейбіт аспанда желбіріп тұрған көк тудың, елтаңбаның қадірін, қасиетін сезінбеске" деп өз-өзіме сауал қойдым. Осылайша тәуекел деп ойымдағыны іске асырдым. Бұл ісім мемлекеттік мекемедегілердің де көңілінен шығып, бірлесіп бірнеше жобаларды жүзеге асрыдық. Олардың бірі - жергілікті телеарнадағы "Патриоттық такси" бағдарламасы. Еліме деген махаббатымды ісіммен дәлелдей алдым деп ойлаймын", - дейді Әлия Иса.

Әлия Иса
Әлия Иса. Фото: жеке мұрағатынан

Қоғам белсендісі тұрғындарға тегін такси қызметін көрсетеді. Бір шарты - таксиге отырған жолаушы мемлекеттік рәміздер, тарихи тұлғалар туралы интеллектуалдық сұрақтарға жауап беруге тиіс.

"Көбі дерлік патриоттық сұрақтарға дайын еместігін, көп сұрақтарға жауап бере алмайтынын және сұрақтардың басым көпшілігінен хабарсыз екендігі мені, шынында, қынжылтады. Сондықтан тарихи құндылықтарды халық арасында кеңінен насихаттағым келеді. Менің идеямды өзге өңірлерде де жүзеге асырса деймін",- дейді жоба авторы.

Әлия Иса – Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялық және инжиниринг университетінің түлегі. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. 2017-2021 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындығы Қазақ Ұлттық өнер академиясының "Режиссура" мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі кезде ол Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында қоюшы режиссері, педагог, жастар театрының жұмысын ұйымдастырудағы үкіметтік емес жекеменшік JasART ұйымының жетекшісі қызметін атқарады. Патриоттық бірнеше жобалардың авторы.

Автор: Әйгерім Сайқын

"1,5 млн теңге кетті": көлігін көк тудың түсіне боятқан Ақтау тұрғыны тегін такси қызметін көрсетіп жүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.