jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте теміржол өткелінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте 19 қазанда Момынов көшесі мен теміржол қиылысында көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, Момынов көшесі мен теміржол қиылысқан күзетпелі өтпеде (3294 км 9 пикетіндегі) автокөліктер өтуге арналған төсемені, теміржол рельстерін ауыстыру жұмыстары жоспарланып отыр. Осыған байланысты, аталған өткелде көлік қозғалысы шектеледі.

Жөндеу жұмыстары 19 қазанда сағат 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін созылмақ. Әкімдік тұрғындардан көлік бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұрайды.

Айта кетейік, Шымкентте 15 қазаннан бастап қоғамдық көліктерде жолақысын қолма-қол ақшамен төлеу жүйесі жойылды. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлеңкелі ақша айналымын заңдастыру үшін тек электронды түрде төлемдер жүргізуге шешім қабылданған еді.

Шымкентте теміржол өткелінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.