jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар тегіне "ұрпағы" немесе "келіні" сөзін қоса ала ма

Төлқұжат ұстап тұрған адам
Төлқұжат. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствода өткен брифингте Қазақстанда азаматтар тегіне қандай жалғауларды қоса алмайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Талғат Уәлидің айтуынша, Әділет министрлігіне аты-жөнін толық жазу ережелеріне қатысты сұрақтар жиі түседі. Ол бұл норма Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Кодексімен реттелетінін түсіндірді.

"Әділет министрлігі толық аты-жөнінің емлесіне енгізілген өзгерістердің статистикасын жүргізбейді. Сондай-ақ "Неке және отбасы туралы" кодекске сәйкес "тегі", "ұрпағы", "немересі", "шөбересі", "келіні" сөздерін қосуға болмайды", - деді Әділет министрлігінің ресми өкілі.

Еске салайық, Әділет министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли Қазақстандағы діни некелердің құқықтық мәртебесі жоқ екенін еске салды.

Сондай-ақ бұған дейін 2024 жылдың сегіз айында некеге тұрғандардың көпшілігі Алматы мен Астана қалаларында, сондай-ақ Түркістан облысында тіркелгенін жазған едік.

Қазақстандықтар тегіне "ұрпағы" немесе "келіні" сөзін қоса ала ма

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.