jitsu gif branding logo appbranding logo app

Еліміздің тағы үш облысында тасжол жабылды

Боран
Боран. Көрнекі фото: pexels.com

Ауа райының наашрлауына байланысты еліміздің тағы үш облысында жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" өкілдері Telegram-арнасында хабарлады.

Ұлттық компания мәліметінше, 10 қарашада сағат 18:30-да Павлодар облысында Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Омбы-Майқапшағай" автожолының 427-587 шақырым аралығында (Кенжекөл ауылы - Абай облысының шекарасы) жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

10 қарашада сағат 19:00-де СҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты "Мамлютка-Қостанай" автожолының 0-180 шақырым аралығында (Мамлютка қаласы - Қостанай облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

10 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында СҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты "Мамлютка-Қостанай" автожолының 180-250 шақырым аралығында (СҚО шекарасы - Ұзынкөл ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2024 жылғы 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы-Өскемен тасжолында қарлы боран мен қатты жел салдарынан жүк көліктері мен жолаушылар көліктері үшін жол жабылған еді.

Еліміздің тағы үш облысында тасжол жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.