jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады

күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыру туралы бұйрық дайындады. Бұйрыққа сәйкес, 2025 жылғы 1-4 қаңтар демалыс күндері болып белгіленді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар 1-3 қаңтар күндері демалады.

"Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанда аптасына бес күндік жұмыс істейтіндер 14, 15, 16 желтоқсанда, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады.

Сонымен қатар 2024 жылғы 30-31 желтоқсан жұмыс күндері.

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.