jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Уақыт ауыстыруға қатысты сауалнама eGov mobile қосымшасынан жоғалып кетті

Компьютер арқылы egov.kz порталына кірген әйел
Egov.kz порталы. Көрнекі фото: NUR.KZ

Жақында eGov mobile қосымшасында Қазақстанда уақыт ауысуына қатысты сауалнама жарияланған. Алайда осы сауалнама жоғалып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазір оның орнына "Бұл сауалнама тапсыру мерзімінің аяқталуына байланысты жарияланымнан алып тасталды" деген жауап шығып тұр.

Сауалнама
Сауалнама. Скриншот: eGov mobile

Естеріңізге сала кетейік, 21 қарашада eGov mobile қосымшасында сауалнама жарияланып, қазақстандықтардан уақыт ауысу мәселесіне қатысты бірнеше сауалға жауап беруді сұраған. Барлығы бес сұрақ қойылған. Алғашқы үш сауалда тұрғындардан күннің қай уақытында мейлінше көп іс тындыратынын, қалаларда кафе немесе фитнес-орталықтардың ерте ашылғанына қалай қарайтынын, сонымен бірге күні бойы нақты не нәрсе көбірек жетіспейтінін сұраған.

Қалған екі сауалда тұрғындардан бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты пікірін, бұған қоса нақты қай уақыт белдеуі ыңғайлы екенін білгісі келген.

Биыл 1 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағы бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшті. Қазақстандықтардың дені өзгерісті сынады. 7 маусымда осы мәселеге қатысты петицияға 50 мың адам қол қойды. Алайда премьер-министр үкіметтің бірыңғай уақыт белдеуіне көшу бастамасын дұрыс деп атап, қарамағындағыларға халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Өткен аптада оқу-ағарту министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтар денсаулығына әсерін зерттеуге шамамен 90-100 млн теңге бөлінуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Уақыт ауыстыруға қатысты сауалнама eGov mobile қосымшасынан жоғалып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.