jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қар, көктайғақ, тұман: желтоқсанның алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда қыстың алғашқы күндері, 3-5 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мемлекеттік метеорологиялық қызметке сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, сондықтан ауа райы құбылмалы болады.

Республиканың солтүстік және орталық аймақтарында аздаған қар жауады, оңтүстік және шығыс облыстарда жауын-шашын, қар, көктайғақ түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Мамандар тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжады.

Синоптиктер болжамынша, Қазақстан бойынша да тұман түсіп, температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы, Астана және Шымкент осы аптада қандай ауа райы болатыны жарияланған болатын.

Метеорологтар биыл елімізде қыстың қандай болатынын болжанған еді.

Қар, көктайғақ, тұман: желтоқсанның алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.