Зектілері

Қарашада Қазақстан халқының саны қаншаға жетті

Жарияланған күні:

Қолшатыр ұстаған тұрғындар
Қолшатыр ұстаған адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 1 қарашадағы деректер бойынша елдегі халық санына қатысты мәліметтерді жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық бюро мәліметінше, 1 қарашада Қазақстан халқының саны 20 243 981 адамға жетті. Жыл басынан бері халық саны 210 139 адамға артқан.

Халық санының өсуі әсіресе қалаларда байқалады. Алматы 2 280 296 тұрғынмен елдегі ең тығыз қоныстанған қала мәртебесін сақтап отыр (жыл басында 2 228 675 тұрғын болған). Одан кейін Астана (1 511 807 тұрғын, жыл басында 1 430 105) және Шымкент (1 249 581, жыл басында 1 222 066) тұр.

Миллионнан астам халқы бар өңірлер қатарында Түркістан облысы (2 154 461 адам), Алматы облысы (1 554 695 адам), Жамбыл облысы (1 222 835 адам) және Қарағанды облысы (1 134 132 адам) бар.

1 қарашадағы мәлімет бойынша, ел тұрғындарының 12 727 404-і қалаларда, ал 7 516 577-і ауылдық жерлерде тұрады.

Қазан айындағы деректер бойынша, Қазақстан халқының саны 20 223 218 адамға жеткенін жазған болатынбыз.Осылайша, 9 айдағы өсім 190 мың адамды құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196632-qarashada-qazaqstan-halqynyng-sany-qanshaga-zhetti/