jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Жолды жауып намаз оқыған: Алматы Орталық мешіті өкілдері мәлімдеме жасады

Ер адамдар жолдың жүріс бөлігінде намаз оқып тұр
Алматыда жолда намаз оқып тұрған ер адамдар. Видеодан кадр: instagram.com/almatinec_life02

6 желтоқсанда Алматы Орталық мешітінде жұма намазына келгендер жолдың бір бөлігінде намаз оқып, қозғалысқа кедергі келтіргені түсірілген видео тарады. Алматы тұрғындары намаз оқу үшін жолдың жүріс бөлігін жауып тастаған ер адамдардың үстінен шағымданды. Осыған байланысты мешіті өкілдері жолды жауып, намаз оқуға болмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Орталық мешіт өкілдерінің мәліметінше, жолды жауып намаз оқуға болмайды.

6 желтоқсанда Алматы Орталық мешітінде жұма намазына келушілер мешіт ауласына сыймай қалған. Парыз намазы басталғанға дейін мешіт қызметкерлері жамағатты мешіт ауласына орналастырған. Алайда парыз намазы басталған соң мешіттің оң жақ бөлігі яғни, М.Мәметова көшесінің бір бөлігінде 5 минуттық құлшылық парызы өтелген. Салдарынан көшеде кептеліс пайда болған.

"Құрметті жұма намазына келуші жамағат!

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеті жерде намаз оқуға тыйым салған. Олар: қоқыс жиналған жерде, мал соятын орында, қабір басында, жолдың үстінде, моншада, мал суарылатын орында және қағбаның үстінде.

Жол үстінде намаз оқуға тыйым салуының басты себебі: жол қозғалысына кедергі келтірмеу. Ол көшемен жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіру көлігі немесе жұмысына асыққан адам жүретіні белгілі. Сондықтан 5 минутқа көшені жауып намаз оқу қаншама ұзын-сонар көше көптелісін туындатады", - делінген хабарламада.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі жұма намазын оқу кезінде жолды жауып, басқа адамдарға зиян тигізуге болмайтынын мәлімдеді.

"Сол себепті баршаңызды намазға ертерек келіп, тиісті көрсетілген орындарға жайғасуды, жолдарды жаппауды, көліктерді де дұрыс орынға қоюды, талап пен тәртіпті қатаң сақтауларыңызды сұраймыз", - деп ескертті Орталық мешіт өкілдері.

Еске салайық Алматы тұрғындары намаз оқу үшін жолдың жүріс бөлігін жауып тастаған ер адамдардың үстінен шағымданып, қалалық полиция осы жайтқа түсініктеме берген болатын.

Жолды жауып намаз оқыған: Алматы Орталық мешіті өкілдері мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.