Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады
Жарияланған күні:

Алматы қаласында "Нұршашқан" ықшамауданы тұрғындарының қозғалысын ыңғайлы ету мақсатында жаңа автобус бағыты ашылып, 13 желтоқсаннан бастап №91 бағыттағы автобус іске қосылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды
Әкімдік хабарына сәйкес, 13 желтоқсаннан бастап №91 бағыттағы автобус "Нұршашқан" ықшамауданы – Алматы-2 теміржол вокзалы" бағытында қатынайды. Автобустарды "Алматыэлектротранс" ЖШС ұсынады, олар экологиялық таза газбен жүретін Golden Dragon маркалы көліктермен жабдықталған.
Күн сайын 12 автобус 12 минут аралығымен жолға шығады. Маршрут уақытша сынақ режимінде жұмыс істейді. Жолаушылар ағынына және тұрғындардың қажеттілігіне қарай қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін.
Биыл мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алды. Жыл басынан бері қалалық мобилділік басқармасы 18 қала маңындағы және 3 қала ішіндегі маршрутты ұйымдастырды.
Бұған дейін Алматыдан облыс аумақтарына қатынайтын 8 жаңа бағыт ашылғанын жазған болатынбыз.
Сонымен қатар Алматыда 28 қазаннан бастап Қаратөбе, Еңбекші, Өстемір ауылдарына қатынайтын жаңа автобус бағыттары ашылды. 1 қарашадан бастап Алматыдан Долан ауылына қатынайтын тағы бір бағыт іске қосылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2199723-almatyda-zhanga-avtobus-bagyty-iske-qosylady/