Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19-20 желтоқсанда Алматыда көлік қозғалысы шектеледі: полицейлер қала тұрғындарына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Гвинея-Бисау Республикасының президенті Умару Эмбалоның Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында 2024 жылғы 19-20 желтоқсанда қалада жол қозғалысына ішінара шектеу қойылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

"Алматы тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Алматы қалалық полиция департаменті Гвинея-Бисау Республикасының президенті Умару Эмбалоның Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында оңтүстік астанада 2024 жылғы 19-20 желтоқсанда жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатынын хабарлайды.

Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді", - делінген ведомство өкілдері таратқан хабарламада.

Полицейлер тұрғындардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала реттеуді сұрайды.

Айта кетейік, 18 желтоқсанда Астанаға Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало келді. "Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201895-19-20-zheltoqsanda-almatyda-kolik-qozgalysy-shekteledi-politseileri-qalar-turgyndaryna-undeu-zhasady/