jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Алматыда Жаңа жылға орай отшашу бола ма

Жаңажылдық отшашу
Жаңажылдық отшашу. Көрнекі сурет: pexels.com

Алматы әкімдігі оңтүстік астанада Жаңа жыл мерекесіне орай қала тұрғындарын отшашумен қуантуға уәде берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, отшашу 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де басталады. Іс-шара демеушілердің қаражаты есебінен өткізіледі.

Отшашудың нақты өтетін орны жақын күндері хабарланатын болады.

Айта кетейік, бүгін Алматыда бірнеше жаңажылдық шыршалар шамы жағылатынын еске саламыз. Бас шыршаның шамын жағу рәсімі 20 желтоқсан күні сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді. Шарада қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысатын концерт пен үлкен шоу жоспарланған.

Биыл жалпы оңтүстік астананы жаңа жылға безендіруге 800 миллион теңге жұмсалғанын бұған дейін айтқан болатынбыз.

Алматыда Жаңа жылға орай отшашу бола ма

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.