jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Цифрлық даму министрі Тәуелсіздік күні қарсаңында интернет не себепті баяулағанын түсіндірді

Жаслан Мәдиев
Жаслан Мәдиев. Фото: primeminister.kz

Қазақстанда Тәуелсіздік күні қарсаңында интернет пен байланыс сапасының нашарлауын митингілермен байланыстыруға негіз жоқ. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Елімізде деректер базасы өте көп. Сондықтан кез келген банкте немесе мемлекеттік органда техникалық ақаулар болуы мүмкін. Біз осындай мәселелерді жою үшін жұмыс істеп жүрміз. Халық 2-3 күн бойы интернетсіз қалған кездер болған емес", - деді Жаслан Мәдиев брифингте.

Сонымен қатар Мәдиев бұл жағдайға байланысты арнайы хаттама әзірленгенін және мұндай қателіктердің қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ министр жаңажылдық мерекелер кезінде мұндай қиындықтар туындамайтынына сендірді.

Еске салсақ, 14-16 желтоқсан күндері елдегі ұзақ демалыс кезінде көптеген қазақстандық интернет пен байланыс сапасына шағымданған болатын.

Цифрлық даму министрі Тәуелсіздік күні қарсаңында интернет не себепті баяулағанын түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.