jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақтаудағы ұшақ апаты: қазақстандықтар қан тапсырып, Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойды (фото, видео)

Елшілік алдына гүл қоюға келген тұрғындар
Елшілік алдына гүл қоюға келген тұрғындар. Фото: NUR.KZ

Azerbaijan Airlines ұшағы апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Астана, Ақтау тұрғындары қалалық қан орталығына қан тапсыруға келіп жатыр. Астанадағы елшілік алдына гүл қойғандар да бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Қазақстанда Ақтау әуежайынан 3 шақырым жерде Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы апатқа ұшырады. Қаза тапқандар мен жараланғандар саны туралы мәліметтер сағат сайын жаңартылып жатыр.

Қол ұшын бергісі келген астаналықтар ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін елордадағы қан орталығына келіп жатыр.

Төтенше жағдайды естіп, Астанадағы Әзірбайжан елшілігіне гүл шоқтарын әкеліп жатқандар да бар.

Сонымен қатар Ақтауда да тұрғындар ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсырып жатыр

Otpannews.kz Ақтау маңындағы қайғылы ұшақ апатынан кейін зардап шеккендерге қан тапсыруға келген адамның қарасы көп.

"Бұл оқиғаны әкемнен естідім. Әрбір азамат қолдан келгенше көмектесуі керек. Төтенше жағдайда жұмыс жасап жатқан барша дәрігерлерге алғыс білдіремін", - дейді қан тапсыруға келген қыздардың бірі.

Маңғыстау облыстық қан орталығы мамандары тұрғындарды мұқтаж жандарға көмектесуге шақырды.

"Өңіріміздің барлық жанашыр тұрғындарын қазір қан орталығына келіп, қан тапсыруларын сұраймыз! Деніңіз сау болса, бүгін майлы тамақ жемеген болсаңыз және ең бастысы мұқтаж жандарға көмектескіңіз келсе, біз сізді бүгін 25 желтоқсан сағат 16:00-ге дейін күтеміз" – деді Маңғыстау облыстық қан орталығы.

Ақтаудағы ұшақ апаты: қазақстандықтар қан тапсырып, Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.