Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Жарияланған күні:
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде министрлік қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Бұл туралы ведомствоның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, ұшақ апаты кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматтарының тізімі мынадай:
- Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 ж.т., туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
- Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 ж.т., туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
- Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 ж.т., туған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны.
- Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 ж.т., туған жері: Алматы қ., Астана қаласының тұрғыны.
- Жұмағат Эльдар 23.08.2013 жылы туған, Астана қ. тұрғыны.
- Джутаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 ж.т., туған жері: Қостанай облысы, Қарағанды қаласының тұрғыны.
Ақтаудағы ұшақ апаты
Еске салсақ, бүгін, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.
Маңғыстау облысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 желтоқсан күні сағат 10:58-де 1-ші санатты жедел жәрдем шақыру түскен. Оқиға орнына 22 жедел-жәрдем бригадасы жіберілген.
Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.
Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы нақтыланған деректерді жариялады. Ұшақ бортында 69 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі.
Бортта 49 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызтан азаматы болған. 28 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде екеуі бала.
Апатқа байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі жедел желі іске қосты.
Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатып, Ақтау маңына құлаған ұшақ бортында болған жолаушылар тізімін жария етті.
Сондай-ақ Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандардың тізімі және экипаж мүшелерінің тізімі шықты.
Ақтауда жаңажылдық шырша жағу шарасы ұшақ апатына байланысты өтпейтін болды.
АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.
Соңғы мәліметтер бойынша, ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты. Аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205131-aqtaudagy-ushaq-apaty-qaza-tapqan-qazaqstandyqtardyng-tizimi-zhariialandy/