Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда ұшағы апатқа ұшыраған соң Embraer мамандары Қазақстанға келе жатыр

Жарияланған күні:

Embraer және AZAL
Embraer және AZAL. Көрнекі сурет: Jaque Silva/NurPhoto via Getty Images

Қазақстан көлік министрлігінің мәлімдеуінше, Azerbaijan Airlines әуе компаниясының өкілдері Ақтауға жетті, ал Embraer мамандары енді келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрлік мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тоқаев пен Путин Атыраудағы ұшақ апатына байланысты телефон арқылы сөйлесті

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанға Әзербайжан азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің делегациясы, сонымен бірге Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының өкілдері келді.

"Жұмыстар Әзербайжанның авиация билігімен бірге атқарылып жатыр", - деп мәлімдеді көлік министрлігі.

Бұған қоса, Қазақстанға Embraer компаниясының, CENIPA (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы, Бразилия) өкілдері ұшып келеді.

Осының алдында Embraer конгломераты ұшақ апатын тексеру үшін мемлекеттік органдармен бірге жұмыс істеуге әзір екенін хабарлаған.

Министрлігінің мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын үкіметтік комиссия құрамында көлік министрі Марат Қарабаев, көлік вице-министрі Талғат Ластаев, көлік оқиғаларын тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, "Қазаэронавигация" бас директоры Нұржан Ахметов Ақтауда жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205228-aqtauda-ushagy-apatqa-ushyragan-song-embraer-mamandary-kele-zhatyr/