Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Embraer компаниясы Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Embraer
Embraer. Көрнекі сурет: Jaque Silva/NurPhoto via Getty Images

Бразилияның Embraer әуеөнеркәсіп конгломераты Маңғыстау облысында өзі шығарған ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ компания сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Embraer компаниясының өкілдері Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатты қайғыратынын мәлімдеді.

"Осы апаттан зардап шеккен адамдардың отбасыларына, достарына, әріптестері мен жақындары қайғыра көңіл айтамыз. Біз оқиғаны жіті бақылап отырмыз, бұған қоса тиісті органдармен бірге жұмыс істеуге әзірміз", - деп мәлімдеді конгломерат өкілдері.

Embraer – жолаушы ұшақтары өндірісіндегі әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі.

Бұған дейін Қазақстан, Әзербайжан және Ресей биліктері ұшақ апатын тергеп жатқанын мәлімдеген. Оған Embraer өкілдері қосылар-қосылмайтыны әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2205183-embraer-kompaniiasy-aqtau-mangyndagy-ushaq-apatyna-bailanystymalimdeme-zhasady/