Ақтауда ұшағы апатқа ұшыраған соң Embraer мамандары Қазақстанға келе жатыр
Опубликовано:
Қазақстан көлік министрлігінің мәлімдеуінше, Azerbaijan Airlines әуе компаниясының өкілдері Ақтауға жетті, ал Embraer мамандары енді келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрлік мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанға Әзербайжан азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің делегациясы, сонымен бірге Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының өкілдері келді.
"Жұмыстар Әзербайжанның авиация билігімен бірге атқарылып жатыр", - деп мәлімдеді көлік министрлігі.
Бұған қоса, Қазақстанға Embraer компаниясының, CENIPA (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы, Бразилия) өкілдері ұшып келеді.
Осының алдында Embraer конгломераты ұшақ апатын тексеру үшін мемлекеттік органдармен бірге жұмыс істеуге әзір екенін хабарлаған.
Министрлігінің мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын үкіметтік комиссия құрамында көлік министрі Марат Қарабаев, көлік вице-министрі Талғат Ластаев, көлік оқиғаларын тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, "Қазаэронавигация" бас директоры Нұржан Ахметов Ақтауда жүр.
- Ақтауда ұшақ апатынан қазақстандық екі мұнайшы қаза тапты: олар туралы не белгілі
- Embraer компаниясы Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2205228-aqtauda-ushagy-apatqa-ushyragan-song-embraer-mamandary-kele-zhatyr/