Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ Ақтаудағы ұшақ апатынан экипаждың үш емес, екі мүшесі аман қалғанын хабарлады

Жарияланған күні:

Embraer 190 жолаушы ұшағы құлаған орын. Ақтау, Маңғыстау облысы
Embraer 190 жолаушы ұшағы құлаған орын. Фото: t.me/qr_tjm

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан экипаждың үш емес, екі мүшесі аман қалғанын хабарлады. Осыған дейін БАҚ беттерінде олардың үшеуі тірі екені белгілі болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ мәліметінше, Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines экипажының үш мүшесі қаза тауып, екі мүшесі аман қалған.

Ал осыған дейін БАҚ беттерінде экипаждың үш мүшесі аман қалғаны туралы хабарланған еді.

Ақтаудағы ұшақ апаты

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Маңғыстау облысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 желтоқсан күні сағат 10:58-де 1-ші санатты жедел жәрдем шақыру түскен. Оқиға орнына 22 жедел-жәрдем бригадасы жіберілген.

Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы нақтыланған деректерді жариялады. Ұшақ бортында 69 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі.

Бортта 49 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызтан азаматы болған. 28 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде екеуі бала.

Апатқа байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі жедел желі іске қосты.

Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатып, Ақтау маңына құлаған ұшақ бортында болған жолаушылар тізімін жария етті.

Сондай-ақ Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандардың тізімі және экипаж мүшелерінің тізімі шықты.

Ақтауда жаңажылдық шырша жағу шарасы ұшақ апатына байланысты өтпейтін болды.

АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы мәліметтер бойынша, ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты. Аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205317-tzhm-aqtaudagy-ushaq-apatynan-ekipazhdyng-ush-emes-eki-mushesi-aman-qalganyn-habarlady/