jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан аман қалған Қырғызстан азаматтарын еліне шығарып салды

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандықтар еліне жол тартты
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандықтар еліне жол тартты. Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

29 желтоқсанда Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат өз еліне жол тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат Осмонов Тилек, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз еліне қайтты.

Оларға Маңғыстау облыстық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді.

"Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты.

Зардап шеккендерді әуежайдан шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзербайжандық азамат ем қабылдап жатқанын мәлім етті.

Апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

Бортта 42 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматы болған.

Көп ұзамай Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Өкінішке қарай, аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.

26 желтоқсанда Euronews агенттігі Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Ақтаудағы қайғылы оқиғаға Ресейдің Грозный үстінен ұшырылған зымыраны себеп болғаны туралы ақпарат жариялады.

Кейін Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Маңғыстауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ол Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына "Ковер" режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеді.

Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан аман қалған Қырғызстан азаматтарын еліне шығарып салды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.