Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушылар қысқы каникулға шықты: Оқу-ағарту министрлігі өкілдері үндеу жасады

Жарияланған күні:

Қысқы демалыс
Шана үстіндегі бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі қысқы каникул кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп әкімшілігі мен ата-аналарға арнайы үндеу жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрлікке сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл мектеп оқушылары үшін қысқы демалыс 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін 10 күнге созылады. Ал бірінші сынып оқушылары үшін 2025 жылдың 10-16 ақпан аралығында 7 күн қосымша демалыс беріледі.

Қысқы демалысты тиімді әрі қауіпсіз өткізу үшін министрлік өңірлерге "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұсыныстар жіберген. Олар қауіпсіздік сабақтарын, білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шараларды қамтиды.

"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басым міндеттердің бірі. Әсіресе мереке күндері оқушылардың отбасымен уақыт өткізуіне ерекше көңіл бөлінеді", - делінген хабарламада.

Қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі мына жағдайларда ерекше өзекті:

  • Көше мен қоғамдық орындарда: жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында балалардың сырғанақтарда, мұз айдындарында және су қоймалары маңында қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.
  • Жаңажылдық іс-шараларда: адамдар көп жиналатын жәрмеңкелер мен жаңажылдық шыршаларда қауіпсіздік шаралары сақталуға тиіс.
  • Өрт қауіпсіздігі: электр құрылғыларын, жаңажылдық гирляндаларды, шамдарды және бенгал шамдарын қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206680-oqushylar-qysqy-kanikulga-shyqty-oqu-agartu-ministrligi-okilderi-undeu-zhasady/