jitsu gif branding logo appbranding logo app

Желіде Астанадағы "құпия тоннельдер" туралы ақпарат тарады

Ақорда
Ақорда. Фото: akorda.kz

Әлеуметтік желілерде Астанада мемлекеттік ғимараттардың астында шенеуніктер үшін арнайы жылы жерасты тоннельдері бар деген ақпарат тарады. Бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Қазнет қолданушылары арасында президент резиденциясын, парламент, министрліктер үйін және басқа әкімшілік ғимараттарды байланыстыратын тұтас жерасты қаласы туралы видео қызу талқыланып жатыр.

Алайда бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметі жоққа шығарды.

"Бұл видео жалған. Үкімет ғимараттарын байланыстыратын жылы тоннельдері бар ешқандай жерасты қаласы жоқ.

Өкінішке қарай, жұртты шатастыратын тағы бір фейк ақпарат тарап жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Бұған дейін WhatsApp мессенджерінің пайдаланушыларына "ертеңнен" бастап фотосуреттер мен видеоларды жіберу қауіпті болады деген хабарламалар тағы да келіп жатқанын жазған болатынбыз. Хатта файлдардың барлығында вирустар болатыны, ақпарат ІІМ-нің есептерінде де расталғаны айтылған. Сондай-ақ хабарламада ДАИШ террористік ұйымы мүшелерінің қоңыраулары туралы да сөз етілген. Stopfake сайты бұл екі ақпаратты да жоққа шығарды.

Одан бөлек "Отбасы банк" өкілдері желіде жаңа ипотекалық бағдарлама туралы жалған ақпарат тарап жатқанын ескертіп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырғанын еске саламыз.

Желіде Астанадағы "құпия тоннельдер" туралы ақпарат тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.