Қазақстанда қанша адам тұрады: статистикалық мәлімет жарияланды
Жарияланған күні:
Қазақстанда халық саны 20,2 миллионнан асты. Оның ішінде 12,7 миллионнан астам адам қалада тұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
Бюро сайтында бүгін Қазақстан халқы туралы жаңа деректер жарияланды. 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша елде 20,2 миллионнан астам адам тұратыны хабарланды. Халықтың орташа саны 20 мыңнан астам адамға өсті (өсу қарқыны 1,16%).
Қазір қалаларда 12,7 миллионнан астам қазақстандық тұрады. 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауыл тұрғындарының саны 7,5 миллионнан астам адамды құрады. Елімізде барлығы 10,3 миллионнан астам әйел мен 9,9 миллионнан астам ер адам бар.
Сондай-ақ есепті кезеңде Қазақстанда 338 мыңнан астам бала дүниеге келіп, 121 мыңнан астам ел тұрғыны қайтыс болғаны хабарланды. Халықтың табиғи өсімі 217 мың адамнан асты.
Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 1 қарашадағы деректер бойынша елдегі халық саны 20 243 981 адамға жеткенін хабарлаған болатын. Жыл басынан бері халық саны 210 139 адамға артқан.
Бұған дейін сарапшылар 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық жағдай туралы жаңа мәлімет жариялағанын еске саламыз. Мәліметтерге сүйенсек, ең жоғары бала туу көрсеткіші үш облыста байқалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208792-qazaqstanda-qansha-adam-turady-statistkalyq-malimet-zhariialandy/