Top.Mail.Ru

Зектілері

Жазушы Мұхтар Мағауиннің қайда жерленетіні белгілі болды

Жарияланған күні:

Мұхтар Мағауин
Мұхтар Мағауин. Фото: magauin.com

Бүгін әйгілі жазушысы Мұхтар Мағауин дүниеден озды. Жазушының жерлеу рәсімі АҚШ-та өтетін болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жазушының қайда жерленетіні туралы мәліметті IT ағартушы Тимур Бектұр Facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Әгәрәки, АҚШ-та жүргендер болса, рәсімдері осындай:

Қаңтардың 9-ы, бейсенбі ақшамда дүние салған Мұхтар Мағауиннің жаназасы ертең, қаңтардың 11-і сенбі күні сағат 10:00-де түріктің Diyanet Center of America мешітінде (9610 Good Luck Rd, Lanham, MD 20706) оқылады, қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында (12800 Veirs Mill Rd, Rockville, MD 20853) өтеді. Қайғырып көңіл айтамыз. Қайырлы болсын дейміз", - делінген жазбада.

Айта кетейік, әйгілі қазақ жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасына қараған шағында дүниеден озды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен ағайын-туысына көңіл айтты.

Мұхтар Мағауин – белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі әрі тарихшы. 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Түркияның Халықаралық "Түрік дүниесіне қызмет" сыйлығының иегері, Улан-батордағы Халықаралық Шыңғыс хан Академиясының құрметті академигі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210403-zhazushy-muhtar-magauinning-qaida-zherlenetini-belgili-boldy/