Зектілері

Крещение мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма: дін өкілі жауап берді

Жарияланған күні:

Майшам жағып жатқан адамдар
Майшам жағып жатқан адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Крещение мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма? Бұл сұраққа ҚМДБ өкілі жауап берді, деп хабарлайды Kazinform.

Әр жыл сайын 18-ші қаңтардан 19-ына қараған түні дүниежүзінің православ христиандары Крещение мерекесін атап өтеді. Бұл дін өкілдерінің сенімі бойынша, сол күні суға түсу арқылы адам күнәсінен тазарады.

ҚМДБ өкілінің айтуынша, мұсылмандар арасында қандай да бір адам сол күні суға шомылуды қасиет санаса, ол күнәлі әрекет болып саналады.

"Ислам дінінде біздерге Алланың елшісі Мұхамед (с.ғ.а.) бекітіп берген белгілі бір мереке күндеріміз бар. Өзге дін өкілдерінің де мерекесіне ешқандай қарсылық пен кедергі жасауымызға болмайды. Бірақ олармен бірге тойлауға рұқсат етілмейді. Өйткені пайғамбарымыз: "Кім қай қауымға ұқсаса, ол сол қауымнан", - деген.

Мұсылмандар арасында қандай да бір адам сол күні суға шомылуды қасиет санаса, ол күнәлі әрекет болып саналады", - деді ҚМДБ Жетісу облысы бойынша шәриғат және пәтуа бөліміне жауапты маман Қамит Табарак.

Айта кетейік, бұған дейін Крещение мерекесіне орай Алматыда суға түсуге арналған 10 орын белгіленгенін жазған едік. Суға түсу рәсімі 19 қаңтарда атап өтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2212269-kreshenie-merekesinde-musylmandarga-suga-tusuge-bola-ma-din-okili-zhauap-berdi/