jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды

Қар көшкіні
Қар көшкіні. Көрнекі фото: Алматы қаласы ТЖД ресми сайты

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды, деп хабарлайды "ҚазАвтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, бүгін, 19 қаңтарда сағат 19:00-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болуы мүмкін жол учаскелерінде автокөліктің барлық түрі үшін жол жабылған.

"Қар жамылғысының жиналуына және тұрақсыздығына және қар көшкінінің өздігінен түсу қаупіне байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахманов кілттері" автожолының учаскесінде 6-66 ш, Ушанов а. - Серебрянск қ. учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулерін енгізеді", - делінген хабарламада.

Жол ертең, 20 қантарда 06:00-де ашылады деп жоспарланып отыр.

Еске салсақ, кеше Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар жолды басып қалған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі ресми Telegram-каналында хабарлады.

ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.