jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Ақтөбеде адамдардың кепілге алынуы: зардап шеккен әйел ауруханадан шықты

Емхана
Емхана. Көрнекі фото: trend.az

Ақтөбеде бірнеше адамды кепілге алған қанды оқиғада зардап шеккен әйел ауруханадан шықты. Дәрігерлер қазір келіншектің жағдайы оңалғанын хабарлады, деп жазады 24.kz.

Дәрігерлер зардап шеккен әйелдің жағдайы оңалып қалғанын жеткізді.

"Науқастың жағдайы түзелді. Жарасы жазылып, тігістерін алдық. Туыстары келіп, алып кетті. Енді ол емханадағы дәрігерлердің бақылауында болады", - дейді облыстық көп салалы ауруханасының дәрігері Оксана Оноприяк.

Еске сала кетсек, 13 қаңтардан 14-іне қараған түні әлеуметтік желіде белгісіз біреу Ақтөбедегі үйлердің біріне кіріп, бойжеткенді кепілге алғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін полиция өкілдері бұл ақпаратты растап, 13 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында жедел басқару орталығына адамдарды кепілге алу фактісі бойынша хабарлама түскенін мәлімдеді. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылған. Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталған. Кейін кепілде болған адамдардың бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болғаны белгілі болды.

Дәрігерлер кепілден босатылған 40 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр деп отыр. Ал ұсталған азаматтың үстінен екі бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбеде адамдардың кепілге алынуы: зардап шеккен әйел ауруханадан шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.