jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды

күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізді. Тізбе жаңа кәсіби мерекелермен толыққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді Қазақстанда бірнеше жаңа кәсіби мерекелер пайда болған. Олар:

  • Қаржылық мониторинг органдары күні – 28 қаңтар;
  • Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі;
  • Теміржол көлігі қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
  • Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
  • Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан;
  • Автомобиль көлігі қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
  • Автожол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
  • Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні – 10 қараша;
  • Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні – 13 желтоқсан;

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Еңбек министрлігі сегіз жаңа кәсіби мереке енгізуді ұсынған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.