jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда бірінші сынып оқушылары қысқы демалыста қосымша 7 күн демалады

Мектеп оқушылары
Оқушылар. Көрнекті сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда бірінші сынып оқушылары қысқы демалыста қосымша 7 күн демалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, еліміздің мектептерінде 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды.

Осы орайда 1-сыныпта білім алушыларға 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріліп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін еліміздің мектептері мен колледждерінде "111" байланыс орталығының QR-коды іске қосылғанын хабарлаған едік.

Бұрын балалар байланыс орталығына тек телефон арқылы ғана хабарласа алатын, енді олардың QR-кодтар арқылы сұрау жіберу мүмкіндігі бар.

Бұл орталық отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетеді.

QR-кодтар барлық білім беру ұйымында, балалар үшін қолжетімді орындарда, сондай-ақ автобус аялдамаларында бар.

Қазақстанда бірінші сынып оқушылары қысқы демалыста қосымша 7 күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.