Елімізде алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
Жарияланған күні:

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ ел аумағында тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ал Ақмола облысында, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батысында аздаған қар жауып, боран соғауы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтіліп отыр.
Бұдан бөлек, метеорологтардың мәліметінше, елімізде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. Түнде батыста 10...15 градусқа дейін, солтүстік-батыста 17...25 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта 17...28 градусқа дейін, шығыста 18...35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер ақпан айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2218152-elimizde-aldagy-kunderi-35-gradusqa-deiin-aiaz-boluy-mumkin/