jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Боран, тұман, көктайғақ": демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Тасжолдағы боран
Тасжолдағы боран. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, демалыс күндері еліміздің батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ал республиканың қалған аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Қазақстанның шығысында боран соғып, екпінді жел тұруы ықтимал. Сондай-ақ республика бойынша тұман күтіледі.

Бұдан бөлек, батыста түнгі уақытта ауа температурасының -5…-13°С-қа дейін, солтүстік-батыста -13…-21°С-қа дейін, солтүстікте -7…-15°С-қа дейін, шығыста және орталықта -12…-20°С-қа дейін, оңтүстікте -1… -15°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста -5…-10°С-қа дейін, таулы аудандарда -13…-23°С-қа дейін төмендеуі күтіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер ақпан айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Синоптиктердің болжамынша, бірінші онкүндіктің екінші жартысында суық антициклонның әсерінен елімізде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде аязды күндер жылы күндерге алмасады, десе де қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

"Боран, тұман, көктайғақ": демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.