jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанадағы лифтте болған шабуыл: жарақат алған бала қашан ауруханадан шығады

Қағаз толтырып жатқан дәрігер
Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pexels.com

Елорда тұрғын үйлерінің бірінде лифтте пышақталған бала 18 ақпанда ауруханадан шығады, деп хабарлайды дәрігер Медет Нұғмановқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астанадағы "№2 көп бейінді қалалық балалар ауруханасы" директорының орынбасары Медет Нұғманов лифтте шабуылға ұшыраған баланың жағдайы туралы айтып берді.

"Бүгінгі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Бүгін жараларын таңу кезінде тігістер жартылай алынды. Жаралар бірқалыпты, ешқандай қабыну байқалмайды, бітудің алғашқы кезеңінде жазылып жатыр. Ертең шығару жоспарланып отыр", - деді дәрігер.

Еске салсақ, 11 ақпанда желіде Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде белгісіз біреу кішкентай балаға пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат тарады. Бұған ПД баспасөз қызметі пікір білдірді. Оқиғаны тексеру барысында психоневрологиялық диспансер есебінде тұрған кәмелетке толмаған бала анықталған.

Сонымен бірге зардап шеккен 5 жасар баланың жағдайы ауыр екені айтылды. Балаға ота жасалған. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Кейін Астана қалалық полиция департаменті 5 жасар балаға шабуыл жасап, пышақ жарақатын салды деген жасөспірімнің заңды өкілі жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Баланы пышақтаған жасөспірім психиатриялық стационарға жатқызылды.

Ал 5 жасар баланың анасы жағдайдың қалай болғанын айтып, телеарнаға сұхбат берді.

Астанадағы лифтте болған шабуыл: жарақат алған бала қашан ауруханадан шығады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.