jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Елордалық жеті жасар оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль алды

Нұрлан Бақдаулет
Нұрлан Бақдаулет. Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Астаналық оқушылар халықаралық ғылыми олимпиадада алтын және қола медаль алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, №81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Бақдаулет StemCo халықаралық олимпиадасына қатысып, алтын медаль иеленген.

Ол "Математика және science" пәні бойынша үздік нәтиже көрсеткен. Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жасар Нұрлан Бақдаулет Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алып отыр.

Сондай-ақ осы олимпиадада 4-сынып оқушысы Зере Ақболат үшінші орынға ие болып, қола медаль еншілеген. Ол "Жаратылыстану" пәні бойынша бақ сынаған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Орта Азиядағы білім сапасын бағалау бойынша аккредиттациядан өткен жалғыз ел атанғанын хабарлаған едік.

Елордалық жеті жасар оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.