jitsu gif branding logo appbranding logo app

Каспий құбыр консорциумы нысанындағы жағдай қалай: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Каспий мұнай құбыры
Көрнекі фото: cpc.ru

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы нысанындағы жағдайға қатысты тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведомствоның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта КҚК тарапынан қазақстандық мұнайға шектеулер жоқ, қабылдау графикке сәйкес жүзеге асырылады.

"КҚК ақпаратына сәйкес, "Тенгиз – Новороссийск" магистральдық мұнай құбыры 2025 жылғы 17 ақпанда Мәскеу уақытымен сағат 02:50-де "Кропоткинская" мұнай айдау станциясының қатысуынсыз транзиттік режимде іске қосылды", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Украина қарулы күштерінің бас штабы әлеуметтік желіде 17 ақпанда ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына, соның ішінде "Кропоткинская" станциясына соққы жасағанын растады.

Бұл туралы Украина қарулы күштері бас штабының Facebook парақшасында жарияланды.

"Кеше Украина қорғаныс күштері Ресейдегі стратегиялық әскери және отын-энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жоғары дәлдіктегі соққы жасады. Сәтті операция нәтижесінде Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Ильский мұнай өңдеу зауыты зақымданды. Нысанда ауқымды өрт тіркелді. "Кропоткинская" және "Андреаполь" мұнай айдау станцияларына да соққы жасалды. Олар соққыдан кейін істен шықты", - делінген хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.