Зектілері

"Бойы – 2 метр 8 сантиметр": Жамбыл облысындағы ең бойшаң адам туралы не білеміз (видео)

Жарияланған күні:

Бегали Фазлиев
Бегали Фазлиев оқушыларымен. Видеодан кадр: 24.kz

Жамбыл облысындағы ең бойшаң адам Шу ауданы Қонаев ауылында тұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы ең бойшаң адамның есімі – Бегали Фазлиев. Оның бойы 2 метр 8 сантиметр болса, аяқ киімінің өлшемі 48 сантиметр.

Бегалидің інісі де сұңғақ бойлы, ағасынан 2 сантиметр ғана кіші. Әкесі де бойшаң. Сондықтан Қонаев ауылының тұрғындары бұл жанұяны "алыптар отбасы" деп атап кеткен.

Бегали жастайынын спортты жанына серік етіп өскен. Ол студенттік кезде Қырғызстанда білім алып біраз жетістікке жетсе де, қазір өзі туған ауылында баскетбол үйірмесінен сабақ береді.

"Мектепте 8-9 сыныптан бастап ең бойшаңы мен болдым. Мектепті бітіргеннен кейін баскетболдан Қырғызстандағы спорт академиясына түстім. Оқыдым, Қырғызстан құрмасында ойнадық. Оқуды бітіргеннен кейін үйге қайттым. Қазір ауылдағы балаларды жаттықтырамын. Үш группада 18-20 баладан 60 бала бар", - дейді Қонаев ауылының тұрғыны Бегали Фазлиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы 91678 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтеген ең бойшаң сарбаз жайлы жазған едік. Оның бойы – 2 метр. Сондай-ақ еліміздегі ең бойы ұзын полиция қызметкері Қарағандыда тұратынын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2222267-aiaq-kiimining-olshemi-48-santimetr-zhambyl-oblysyndagy-eng-boishang-adam-shu-audanynda-turady-video/