Зектілері

"Ақыл айтар әкемдей болды": Айгүл Иманбаева Дулат Исабековтың қазасына байланысты көңіл айтып, желіде жазба арнады (видео)

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева марқұм Дулат Исабековтың үйінде қонақта
Айгүл Иманбаева марқұм Дулат Исабековтың үйінде қонақта. Видеодан кадр: instagram.com/aigul_imanbayeva

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева белгілі жазушы, драматург Дулат Исабековтың дүниеден озуына байланысты көңіл айтып, желіде жазба жариялады. Сондай-ақ актриса марқұм жазушымен кездесу сәтінен әсерлі видеоны да бөліскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Барша қазақ халқына қайғырып көңіл айтамын. Осыдан 10 күн бұрын Дулат ағама телефон шалған едім. Телефон трубкасын көтермеген соң, қызы Шолпанға хабарласқанда ағамның ауруханаға түсіп қалғанын естідім. Ағама кіріп, жағдайын біліп, бетінен бір сүйіп кетемін бе деген ой еді, оған палатасына кіруге рұқсат бермеді.

Дулат ағам артына өшпес мұра қалдырды, өшірілмес із қалдырды. Дәл осы уақытта елден алыста болып, ағамды соңғы сапарына да шығарып сала алмай, өзегім өртеніп отырған жайым бар.

Дулат ағам менің басымда болған қиыншылығымда да, қызықшылығымда да барлық уақытта маған сүйеу, демеу болды. Үлгі тұтар, ақыл айтар әкемдей болды. Бақұл бол, жан ағам!" - деп жазды Айгүл Иманбаева Instagram желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, талантты жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков 82 жасында дүниеден өтті.

Жазушының қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2223038-aqyl-aitar-akemdei-boldy-aigul-imanbaeva-dulat-isabekovtyng-qazasyna-bailanysty-kongil-aityp-zhelide-zhazba-arnady-video/