Зектілері

Шымкент тұрғындары енді Каирге тікелей қатынай алады

Жарияланған күні:

жолаушылар
Жолаушылар. Көрнекі фото: pixabay.com

Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент-Каир бағыты бойынша Мысырға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент-Каир бағыты бойынша Мысырға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) Boeing 737-800 және Boeing MAX 8 типті әуе кемелерінде орындалады", - делінген хабарламада.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, SCAT әуекомпаниясы бұдан бөлек, 2025 жылғы 27 мамырдан бастап Шымкенттен Венгрия астанасы Будапештке, 28 мамырдан бастап Шымкенттен Қытайдың Сиань қаласына тікелей рейстерді ашуды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2223356-shymkent-turgyndary-endi-kairge-tikelei-qatynai-alady/