jitsu gif branding logo appbranding logo app

Семейде соққыға жығылған оқушының жағдайы қалай: дәрігерлер пікір білдірді

Аурухана төсегінде жатқан бала
Аурухана төсегінде жатқан бала. Көрнекі фото: getty/stock photo

Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы Семейде соққыға жығылған баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау басқармасы оқушы 23 ақпанда қабылдау бөлімінде тексерілгенін жеткізген.

"Пациент 2013 жылы туған ұл бала. Балаға дер кезінде медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қажетті тексерулер жүргізілді. Диагноз - жабық бас-ми жарақаты (ЖБМЖ). Бастың шашты бөлігінде, шүйде аймағында гематома. Аяқ-қолдың төменгі тұсында көптеген теріасты гематомасы бар. Бала жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, бірақ психоэмоционалдық күйі мен диагнозына байланысты бақылауды қажет етеді", - деп жазады облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Instagram-дағы ресми аккаунтында.

Ведомство ақпаратына сай, қажетті диагностикалық тексерулер жүргізілген. Тексеру қорытындылары бойынша оқушының өміріне қауіп төндіретін себептер анықталмаған. Пациент тіркелген емдеу орны бойынша толық медициналық және психологиялық көмек алған.

"Қазіргі уақытта дәрігерлердің – педиатрдың, травматологтың және невропатологтың динамикалық бақылауында", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 24 ақпанда желіде Семейде жасөспірімдер өзінің қатарласын аяусыз соққыға жыққан туралы видео тараған еді. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, оқиғаның барлық қатысушысы дереу анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілгенін мәлім етті.

Кейін Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Абай облысының әкімі Берік Уәлимен бірге кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелерін және Семейде жасөспірімдер соққыға жыққан оқушыға қатысты оқиғаны талқылағанын хабарлады.

Ал бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы мектеп оқушылары арасындағы кикілжіңге байланысты жиын өткізді. Жиынға прокуратура, полиция департаменті, білім басқармасы басшылары және бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қатысқан. Облыстық білім басқармасы оқиғаға қатысты мектеп директоры жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.