jitsu gif

"Жауым көбейді": Алматы әкімі Досаев таулы аймақтағы құрылыс туралы айтты

Ерболат Досаев
Ерболат Досаев. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Ерменсай шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Белгілі бір ауданда тұрғын үй кешендерінің құрылысына мораторий енгізу заң жүзінде мүмкін емес. Бірақ біз бұл мәселені реттеп отырмыз. Соңғы бірнеше жылда қанша жобаны мақұлдаудан бас тартқанымызды елестете де алмайсыздар. Таулы аймақта құрылыс жүргізуге рұқсат бермегенім үшін жауым көбейді", - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, заңдағы олқылық құрылыс компанияларына жеке тұрғын үйге арналған жерлерге аз қабатты кешендер салуға мүмкіндік беріп отыр.

"Біз заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгіздік және өз тарапымыздан құрылыс ережесін қатаңдаттық. Қазіргі уақытта бұл ереже тау бөктерін тегістеуге, таулы аймақтағы жоталар жолағында, соның ішінде еңісі 15 градустан жоғары жерлерде құрылыс жүргізуге тыйым салады", - деді Алматы әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда құрылысы 18 жыл бұрын басталған ірі нысан сүрілгенін хабарлаған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.