jitsu gif branding logo appbranding logo app

eGov пен өзге сервистерді пайдалануға уақытша шектеу: елорда әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада халықаралық әуежай өкілдері eGov және өзге де электронды сервистерді пайдалануға уақытша шектеу енгізілуіне байланысты жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әуежайдың баспасөз қызметі 20 наурыздан 21 наурызға қараған түні (23:00-ден 08:00-ге дейін) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясы техникалық жұмыс жүргізетінін еске салды.

"Осы кезеңде eGov порталы, eGovmobile мобильді қосымшасы және басқа да электрондық сервистер, соның ішінде "Цифрлық құжаттар" сервисін пайдалану мүмкін емес.

️Егер рейсіңіз осы уақыт аралығында жоспарланса, рейске тіркелу және тексеруден өту кезінде қолайсыздық туындамас үшін құжаттардың түпнұсқасын (жеке куәлік, төлқұжат және т.б.) өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынамыз", - делінген халықаралық әуежайдың Telegram-дағы арнасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтарға мемлекеттік электрондық сервистерді пайдалануға уақытша шектеу енгізілетіні хабарланған болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.