jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды

Шерзат Болат
Шерзат Болат. Фото: instagram.com/justice_for_sherzat

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша соттың басталу күні белгіленді - алдын ала сот отырысы 10 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Іс бойынша алдын ала тыңдау 2025 жылғы 10 сәуір сағат 12:00-де, Қабылиса жырау, 65 үй мекенжайы бойынша орналасқан Талдықорған қаласындағы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтеді деп белгіленді", - делінген Алматы облыстық сотының хабарламасында.

Ашық сот отырысы тағайындалғаны хабарланды.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс материалдары сотқа қашан жіберілетінін айтқан болатын.

Шерзат Болаттың қазасы

Еске салсақ, 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер ұсталғанын мәлім етті.

Бұл оқиғадан кейін марқұм Шерзат Болаттың әкесі соттың ашық әрі әділ өтуін талап етіп мәлімдеме жасады.

10 қазанда марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов істің мән-жайын айтып тағы бір үндеу жасады.

12 қазанда құқыққорғаушы Саида Тәукелева желідегі жеке парақшасында марқұм Шерзат Болаттың отбасына тиесілі үй өртеніп кеткенін жазып, видео жариялады.

Артынша полиция департаменті өкілдері мүлікті қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Кейін бас прокуратура өкілдері мәлімдеме жасап, жәбірленушілердің үйін өртеу фактісі бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын және қылмыстық iс бас прокурордың бақылауына алынғанын жеткізді.

Жақында Шерзат Болаттың ісі бойынша тергеу аяқталғаны белгілі болды. Сондай-ақ құқық қорғаушы Айтбек Амангелді марқұм жасөспірімнің туыстарының бастамасымен командасы бұдан былай Шерзат Болаттың ісімен айналыспайтынын хабарлады.

Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.