jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Анонимді хабарлама жіберіледі": елімізде автокөлік иелеріне арналған жаңа цифрлық қызмет іске қосылды

Көлік жүргізушісі
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: AzmanL / Getty Images

Қазақстанда көлік құралдарының иелеріне хабарлама жіберу үшін жаңа цифрлық қызмет іске қосылды, деп хабарлайды үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жаңа цифрлық қызмет туралы үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Оның сөзінше жаңа цифрлық қызметті енгізу жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

"Егер сіз терезесі ашық қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, қажетті тетікті таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесудің әрі азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз", - дейді Жаслан Мәдиев.

Бұл қызмет түрі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іске асырылған.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде әуе рейстерінің кешігуі кезінде жаңа қызмет көрсетілетінін хабарлаған едік. Бұл әуе билеттерін сатуға арналған қосымшаға енгізілген арнайы қызмет түрі, ол жолаушыларға рейс кешіктірілген жағдайда сақтандыруға және төлемдерді бірден алуға мүмкіндік береді.

"Анонимді хабарлама жіберіледі": елімізде автокөлік иелеріне арналған жаңа цифрлық қызмет іске қосылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.